KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Өскемендіктерге әлеуметтік бағамен тағы 5 мың тонна көмір бөлінеді

26.11.2018, 03:11 213

«Қаражыра» АҚ Өскемен қаласының әлеуметтік аз қамтылған топтағы адамдары үшін қосымша 5 мың тонна көмір бөлетін болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл жөнінде Өскемен қаласы әкімдігінің фейсбуктегі парақшасында жазылған. Мұндағы ақпаратқа сүйенсек, биыл бөлінген 35 мың тонна жеткізіліксіз болып, көптеген отбасылар оған қол жеткізе алмай қалған.


Осы аптада кәсіпорын және әкімдік арасында қосымша әлеуметтік көмір бөлу жөнінде меморандумға қол қойылмақ. Сондай-ақ, әлеуметтік бағамен сатылатын (8300 тенге) көмір де қалаға осы аптада келе бастамақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив