KZ
Өскемен
-2°
плотный туман Штиль
478.96 533.03 5.22

Жаңа жылдан бастап зейнетақы көбейеді

23.11.2018, 05:24 322

Еліміздегі зейнетақы базалық төлем, жасына байланысты ынтымақты және зейнетақы қорындағы жеке жинақтан құралатындығы белгілі. Жаңа жылдан бастап елімізде ынтымақты зейнетақы мөлшері артады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Оған қоса базалық зейнетақы және ең төменгі күнкөріс мөлшерінің көбеюіне байланысты бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін төлемақы мөлшері де артатын болды.


Қаңтар айында ынтымақты зейнетақы индексацияланып, соның нәтижесінде зейнетақы мөлшері инфляция деңгейіне қарай қайта есептеледі. Сала мамандарының айтуынша, еліміздегі зейнетақы мөлшері ТМД елдеріне қарағанда әлдеқайда жоғары. Зейнетақының орташа мөлшері қазір 101 мың теңгені құрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив