KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 0,9 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Өскеменде «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» республикалық байқауы өтті

5.11.2018, 10:21 126

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 160 өнертапқыш Өскеменде өткен «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» республикалық байқауына қатысты. Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында өткен иннновациялық идеялар байқауында аймақтық кезең жеңімпаздарының білім-біліктері сынға түсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


-Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен бұл сайыс жыл сайын өткізіліп келеді. Биылғы республикалық байқаудың Өскеменде ұйымдастырылуы бекер емес. Былтыр Қарағанды қаласында өткен сайыста Шығыстың дарынды жастары жеңіс тұғырынан көрінген болатын. Оның үстіне бұл өңірде балалардың ғылыми-техникалық дамуына ерекше көңіл бөлінеді,-деді Білім және ғылым министрлігінің республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер.


Байқау барысында талантты жастар техникалық өнердің түрлі саласындағы тоғыз аталым бойынша әзірлеп келген жобаларын қорғады. Қатысушылар ұсынған жобалар бірінен бірі өткен қызықты, креативті әрі ғылыми жаңашылдығымен ерекшеленді. Жобалардың дені автокөлік, әскери және ғарыш техникасы, ракета жасау, құрылыс салаларына арналыпты. Жылу, электр энергиясы және органикалық тыңайтқыштар алу мақсатындағы ауылшаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу заводы, өндіріс саласындағы жылжымалы роботтық станоктар, ұлттық нақыштағы ғимараттар, қымыз өндіру эко-кешені де қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды.


Жас өнертапқыштардың еңбегін Д.Серікбаев, С.Аманжолов сияқты өңірдегі жетекші жоғары оқу орындарының профессорлары мен кафедра меңгерушілері әділ бағалап, нәтижесінде тоғыз түрлі номинация бойынша алматылық Айтөре Хамзахан, Нұрәлі Тоқбергенов, Роман Ли, павлодарлық Баязет Искаков, батысқазақстандық Ақбаян Баймағамбетова, жамбылдық Сұңқар Сухымбек, Никита Пак, қызылордалық Бейбарыс Раушанбек, қарағандылық Ғабиден Сағынтаев және Ақмола облысынан келген Руслан Мерей бірінші дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив