KZ
Өскемен
+1°
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

Қазақстанда арзан әуе компаниясы пайда болады

5.11.2018, 07:48 132

Елбасы әуе тасымалын қазақстандықтар үшін қолжетімді етуге тапсырма берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбеков, “Самрұқ-Қазына” АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Ричард Эванс және Air Astana әуе компаниясының президенті Питер Фостермен кездесу өткізді. Онда отандық авиацияның даму мәселелері мен Air Astana компаниясының бүгінгі ахуалы және болашақтағы дамуын талқыланған екен.


Министр Жеңіс Қасымбековтің айуынша, 2018 жылы Қазақстанда 13 бағыт бойынша әуе рейстері іске қосылыпты. Сондай-ақ, отандық авиацияны басқаруда британдық үлгінің элементтерін енгізу бойынша жұмыстар атқарылуда. Бұл ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп болжануда.


Елбасы әуе тасымалының халыққа қолжетімді етудің маңыздылығын алға тартты. Ол Air Astana компаниясының базасында бюджеттік әуе компаниясын құруға тапсырма беріп отыр. Ондағы айтарлықтай төмен тарифтермен қызмет көрсетеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив