KZ
Өскемен
+19°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
443.44 480.51 4.88

Арзан ұшақ билеттерінің бағасы қандай болмақ?

7.11.2018, 09:56 142

Елімізде арзан әуе компаниясының құрылатыны туралы жазған едік. Инвестициялар мен даму министрі  Жеңіс Қасымбек болашақ компаниядағы ұшақ билеттерінің бағасы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Оның сөзінше, әлемдегі танымал Lufthansa, British Airways, «Аэрофлот» компанияларында ұқсас тәжірибе бар екен. Ал Air Astana мұндай компанияны жарты жыл мерзімде құрады деп жоспарланып отыр. Келер жылы 8 жаңа ұшақ сатып алынып, оның жартысы жаңа әуе компаниясының қызметінде пайдаланылады.


«Бұл ұшақтардың билеті неге арзан?» деген сұрақ әркімді мазалайтын шығар. Министрдің айтуынша, ұшақтағы орын саны көбейтіліп, орындықтардың арасындағы арақашықтық тарылады екен. Жүк жеке жерде сақталады.


Қазір Air Astana компаниясындағы ұшақ билетінің орташа бағасы - 32-34 мың. Ал арзан ұшақтармен болашақта шамамен 16-18 мың теңгеге ұша аламыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив