KZ
Өскемен
-1°
плотный туман Штиль
480.61 534.53 5.28

Жарманың бір ауылына Зере ананың есімі берілетін болды

29.10.2018, 03:12 267

Ақжал ауылдық округінінің орталығы Жаңаөзен ауылында округ тұрғындарының қатысуымен ауыл атауын өзгерту жөнінде жиын өтті.


Ауылдық округ әкімі Нұрлыбек Алиясов, бұрынғы атауы Новореченск болған, кейіннен тура аудармасымен Жаңаөзен ауылы деп өзгертілген ауылдың атауын өзгерту жөнінде ұсынысын ортаға салды.


- Өзенннің жаңасы болмайды, ал өзеннің Шар деген өз атауы бар. Осыны ескере отырып, ауылдың атауын тегі Жарма өңірінен шыққан, Өскенбай бидің бәйбішесі, Құнанбай қажының анасы,  Абайдың әжесі, азан шақырып қойған аты, Тоқбала кейіннен Зере атанған, М.Әуезовтың «Абайдың туысы мен өмірі»-атты мақаласы мен «Абай жолы» романында алаш айнасы атанған Зеренің атымен атауға округ тұрғындары атынан ұсыныс енгіземін, деді.


Жалпы осыған дейінде Зере ананың есімін беру жөніндегі мәселе әлеуметпен көп көтеріліп келген болатын. Сол себепті округ тұрғындары көтерілген ұсынысты бірауыздан қолдап, кезектен тыс өткен жиынның қорытындысы бойынша Жаңаөзен ауылын Зере ана есіміне ауыстыру жөнінде шешім қабылданды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив