KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,4 м/с, З
480.61 534.53 5.28

Қаңтарда ҰБТ тапсыру үшін қанша төлеу керек?

24.10.2018, 06:05 244

Қаңтар айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді қабылдау мерзімі анықталды , деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Талапкерлер 1-15 желтоқсан аралығында өтініш жазып үлгеруі тиіс.


БҒМ баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, мемлекеттік білім беру гранттары негізгі ҰБТ тапсырылғаннан кейін үлестірілетін болады.


Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысатындар:


- орта мектептердің 11-12 сынып оқушылары (2019-2020 оқу жылында ЖОО-да ақылы негізде оқу үшін).


- ЖОО-ға уақытша тіркелген және бірінші семестрді аяқтап жатқан студенттер. Бұл тестілеуден студент білім алып жүрген оқу орнына ресми тіркелу үшін және ЖОО-дағы оқуын жалғастыру үшін өтеді. Егер студент шекті балл (50 балл) жинай алмаса, оқудан шығарылатын болады.


Қаңтар айында өтетін бұл тестілеу түлектерге негізгі тестілеудің алдында өз білімдерін тексеру үшін таптырмас мүмкіндік. Мемлекеттік білім беру грантына үміттенген талапкер 2019 жылғы жазда өтетін ҰБТ-ны міндетті түрде тапсыруы қажет. Өйткені, қаңтар айындағы тестілеуде шекті балл жинаған тестіленуші бұл сертификатымен ЖОО-да тек ақылы негізде оқи алады.


– Тестіленушілер қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысқаннан кейін маусым айында өтетін ҰБТ-ға қатысу және мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша өтетін байқауға қатысу мүмкіндігінен айырылмайды. Тестілеуге қатысу үшін өтініштер ұлттық тестілеу орталығының ҰБТ тапсыру пунктерінде қабылданады. Қаңтар айындағы тестілеу ақылы, құны – 2242 теңге, – делінген хабарламада.


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив