KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Медициналық ЖОО студенттеріне талап күшейтіледі

30.09.2018, 05:45 128

2019 жылдан бастап психометриялық тестілеу отандық жоғары оқу орындарында түскенде тапсыратын емтихандардың қатарына кіретін болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы денсаулық министрі Елжан Біртанов мәлім етті.


Жаңа емтиханның мақсаты – болашақ дәрігерлердің стресстық жағдайға төзімділігін тексеру және тәуекелді шешім қабылдауға қабілеттерін анықтау.


-Тестілеу болашақ маманның медицина саласында жұмыс істеуге психологиялық қабілеті мен бейімін анықтауға бағытталады. Біз медициналық жоо студенттеріне талапты күшейтеміз. Бұл әлемдік тәжірибе. Жоғары курстарда студенттер 24 сағат жұмыс істейді, сабақ оқиды, кезекшілік атқарады. Жалпы алатын білім өте көп, сондықтан біз, ең алдымен, абитуриенттердің психологиялық мүмкіндіктері мен оның адаммен жұмыс істеудегі бейімін, коммуникативтік қабілеттерін, адамгершілігі мен жалпы стрессқа төзімділігін және көп дене еңбегіне деген қабілетін де байқауымыз керек. Дәрігер тәуекелді шешім қабылдауға қабілетті болу керек, өйткені диагноз қою – бұл математикалық формул емес, ол дәрігердің жеке шешімі және науқас үшін жауапкершілік алуы, сондықтан мұндай іріктеу өте маңызды болып табылады, - дейді министр.


Оның пікірінше, іріктеудің жаңа түрі Қазақстанның медициналық жоо-ларында жоғары кәсіби кадрларды даярлап, денсаулық сақтау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив