KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Өскемендік студенттер Вашингтонда екі ай мерзімде білімдерін арттыра алады.

25.09.2018, 03:23 345

 Өскемендегі Қазақстан-Американ еркін университетінде  халықаралық ғылыми конгресс өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


«Білім мен ғылымдағы халықаралық ынтымақтастық: жаңа экономикаға қажетті мамандар даярлау» тақырыбында өткен жиынға аталмыш университеттің ғылым докторлары Маршалл Кристенсен, Хью Холлман, Франциядағы Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі Брюс Казщук және ресейлік профессор Федор Лобанов қатысты.


-Қазіргі таңда халықаралық білім беретін стандарттардың жаңа тенденцияларынан артта қалмау өте маңызды. Ғылым-білім саласындағы халықаралық ынтымақтастық – ел жастарының жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы негізгі факторлардың бірі. Бұл орайда университетте шетелде білім алу, ғылыми-зерттеу сынақтарынан өту, кәсіби біліктілікті жоғарылату сияқты жаңа білімді игерудің мүмкіндіктері мол,-дейді ғылым докторы, Қазақстан-Американдық еркін университетінің ректоры Айдар Мәмбетқазиев.


Мәселен, Норвест Назарин университеті студенттер мен ғалымдар үшін мәдениетаралық бағдарламалар жасап, жүзеге асырады. Мәдени-тіл білімдерімен алмасу мақсатындағы бағдарлама арқылы студенттер Вашингтонда екі ай мерзімде білім-біліктерін арттыра алады.


Америка және қазақ мәдениетінде ұқсастық бар ма, ал айырмашылығы қандай? Американдықтар еліміздің қандай салт-дәстүрлері мен мәдениетіне қызығады, екі елдегі отбасылық құндылықтар, уақытты тиімді пайдалану, жетістік туралы түсінігіміз жайлы Қазақстан-Американдық Еркін университетінің халықаралық бағдарламалар мен ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Даниэль Балласт кеңінен баяндады.


Джозеф Уилсон, Таня Плаза, Натали Трефтс, Вероника Маккей, Джим Симмонс бастаған американдық әріптестермен болған пікірталас алаңында Қазақстан-Американдық еркін университеті президентінің аппарат басшысы Жасұлан Байкенев, шет тілдері кафедрасының меңгерушісі Юлия Новицкая, студенттер Саид Мұқанов пен Жанна Серікқалиқызы ерекше белсенділік танытты. Университет пен колледждің студенттері өз пікірлерімен бөлісіп, қызықтырған сауалдарына жауап алды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив