KZ
Өскемен
-1°
плотный туман жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Ұлан ауданында бір жасар бала ыдыстағы суға тұншығып қалды

30.07.2018, 12:55 278

Ұлан ауданында ата-анасының қарауынсыз қалған бір жастағы бала 20 литрлік ыдыстағы суға тұншығып, шетінеп кетті.


Қайғылы оқиға кеше Бозанбай ауылында орын алған. Осы ауылға таяуда ғана көшіп келген жас отбасы үй шаруасына айналып кеткенде, сәбилері есік алдында тұрған ыдыстағы сумен ойнамақ болған көрінеді. Алайда аяғын апыл-тапыл басып жүрген сәби суға құлап кеткен сияқты. Ата-анасы жанына келгенше, сәби суға тұншығып қалған.


Оқиға орына полиция қызметкерлері келіп, жағдайдың анық-қанығын анықтау үстінде. Ал Төтенше жағдай департаменті болса жаз айында ата-аналарға сақ болуды, балаларды жалғыз қалдырмауды тағы бір мәрте ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив