KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 1,5 м/с, В
502.57 591.68 6.42

ШҚО-да 2 жастағы бала арықтағы суға батып кетті

3.09.2020, 05:57 761

ШҚО Төтенше жағдай бойынша департаменттің хабарлауынша, қайғылы жағдай Зайсан ауданында болған.  

-  2 қыркүйек күні Зайсанда қараусыз қалған 2 жасар бала арыққа түсіп, суына батып кетті, - дейді мекеменің баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар бойынша департамент аймақ тұрғындарынан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Айта кетейік, жыл басынан бері ШҚО-да 7 бала терезеден құлап, 9 бала суға кетті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу