KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 4 м/с, СБ
480.63 535.13 5.27

Өскеменде 60-шы автобус бағытын өзгертті

10.07.2018, 02:00 145

Кеше қалалық № 60 автобус  үйреншікті бағытын өзгертті. Егер бұған дейін оның соңғы аялдамасы «Ана мен бала» болса, енді аталмыш қоғамдық көлік ары қарай Есенберлин даңғылын бойлай, 19-шы ықшам ауданға дейін баратын болды.


Бұл автобус үшін жақын арада қаланың жаңа аудандарына апаратын жаңа бағыт ашылатыны туралы бұрыннан айтылуда.  Жаңа тұрғын үйлерден құрылған ықшам ауданның тұрғындары осы күнді көптен күтті. Себебі, бұған дейін жалғыз 17-ші автобусты ғана пайдалануға тура келетін. Жарты қаланы шарлайтын «17-нің» жүріп өтетін жолы да ұзақ еді.


Енді 60-шы автобустың соңғы аялдамасы – «Есенберлин 2». Алайда, ресми емес деректер бойынша, алдағы уақытта оның бағыты тағы өзгеріп, 20-шы ықшам ауданға дейін ұзартылмақ екен.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив