KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Семейлік бойжеткен жалған арыз үшін жеті миллион теңге айыппұл төлеуі мүмкін

5.07.2018, 04:55 164

Кеше Семейдің ішкі істер басқармасына біртүрлі арыз түсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жоқ, арыз бүртүрлі емес-ау, оқиғаның желісін айтамыз.


Басқармаға қоңырау шалған 19 жасар қыз автобуста қалтателефонын қолды қылғанын хабарлаған. «Телефонның бағасы 40 мың теңге болатын» деп атап көрсеткен. Алайда із суытпай іске кіріскен тәртіп сақшылары телефонды ешкім ұрламағанын, жас қыздың жалған арыз бергенін анықтаған. Ол тергеу барысында телефонды әлдебір танысына өзі сатып жібергенін мойындапты.


– Қазір осы оқиғаға қатысты, ҚР ҚК 419 бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Жалған ақпар таратқан қыз бала жеті миллион теңге көлемінде айыппұл төлейді немесе үш жыл шартты түрде бас бостандығынан айрылуы мүмкін, – дейді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив