KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность Штиль
480.61 534.53 5.28

Өскеменде балаларды қорғау күнінде бірқатар іс-шаралар өтті

1.06.2018, 14:28 187


Бүгін 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде облыс орталығындағы республика алаңында балалар ұжымдарынан құралған үлкен шеру ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Атап өтерлігі, шерудің алғашқы легінде өзгелермен қатар жолдар мен көшелердегі жол қауіпсіздігін насихаттаған жас қозғалыс инспекторлары да жүрді. Жас құқыққорғаушылар мереке күні салтанатты саптық жүріспен үлкендердің және балалардың алдында жүріп отырды. Өз кезегінде бірнеше мәрте халықаралық, республикалық және облыстық жас инспекторлар слетінің жеңімпаздары атанған олардың сәнді қимыл-қозғалыстары мен ресми костюмдері жиналғандардың назарын аударып қана қоймай, жолдағы тәртіпті де еске салып тұрды.


Жас инспекторлар қозғалысының қалалық штабының жетекшісі Галина Дроздованың айтуынша, оларға әдеттегідей облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің басшылығы және Өскемен қалалық білім бөлімі материалдық көмек беріп, үлкен қолдау көрсеткен. Сонымен қатар,  жылдағы қалыптасқан игі дәстүр бойынша 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде Өскемен қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері бүгін таңертең ертемен Сәбилер үйінде болып, өздерінің қамқорлықтарындағы ондағы балақайлар үшін ең қажетті деп саналған киім-кешектерді, ойыншықтарды және әдемі шарларды сыйлап қайтты.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив