KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность Штиль
480.61 534.53 5.28

Cемейде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шеру өтті (фото, видео)

1.06.2018, 06:58 214

Семей шаһарында жыл сайын 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай көптеген байқаулар ұйымдастырылып,  мерекелік іс-шаралар өткізіледі.


Биыл да бұл үрдіс жалғасын тауып, мыңға жуық жас жеткіншектердің қатысуымен мерекелік шеру болып өтті. Ауқымды шараның басты мақсаты - жастардың патриоттық сезімін, отансүйгіштік қасиетін арттыру болып табылады. Олар орталық алаңнан бастап Ертіс өзені жағасына дейін жаяу жүріп, түрлі аспаптардың сүйемелдеуімен патриоттық әндерді қосыла шырқады. Шеруге қатысушылардың түрлі түсті киімдері көздің жауын алып, алаңның көркін ода ары ажарландыра түсті.


Сап түзеген өрендердің көпшілігі тек елімізде ғана емес, сонымен қатар халықаралық сайыстарда жүлделі орын алған. Олар ән, би, спорт байқауларының үздігі.


«Балалар біздің болашағымыз болғандықтан, бүгінгі жарқырап өтіп жатқан шеру шыны керек мені қатты қуантып отыр. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тапса екен деймін. Әрине балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу үшін осындай шерулердің кең көлемде өтуі Қазақстанның болашақ патриот азаматтарының көптеп қалыптасуына үлкен көмегін тигізетіні сөзсіз», - деді қала тұрғыны Бақытгүл Найманова.


[su_slider source="media: 33524,33525,33526,33527,33528,33529,33530,33531,33532,33533,33534,33535"]

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив