KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СБ
480.63 535.13 5.27

Семейде «Шығыс Қазақстанның аңыздары мен ертегілері» кітабының электрондық нұсқасы жарық көрді

31.05.2018, 14:45 288

Қаламыздағы Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында балаларға арналған «Шығыс Қазақстанның аңыздары мен ертегілері» атты кітабының электрондық нұсқасы жарық көрді.

Кітаптың негізгі ерекшелігінің бірі- басылым беттерінде иллюстрация ретінде қолданылған барлық суреттердің авторы мектеп жасындағы балалар болып табылады.


Кез келген адамды бей-жай қалдырмайтын туынды да Шығыс жерінің киелі мекендері мен көне жәдігерлері туралы баяндалған.


Кітапқа Шығыс Қазақстан облысының 15 киелі орындары жайлы аңыздар жинақталды. Солардың ішінде, Ырғызбай ата кесенесі, Қозы Көрпеш-Баян Сұлу мазары, Шілікті обалары және Аблайкит бекінісі сынды тарихи және археологиялық ескерткіштер еніп отыр.


Жиын барысында ШҚО туристік ақпараттық орталығының директоры Сымбат Рамазанов кітапқа қысқаша шолу жасап, көздің жауын алатын әдемі көріністерді шынайы бейнелеген жас суретшілерді арнайы дипломдармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.


[su_slider source="media: 33444,33445,33446,33447"]

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив