KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 2 м/с, ОБ
478.96 533.03 5.22

ШҚО-да өңірдің аңыздары мен ертегілері жинақталған кітап шығарылды

27.02.2018, 05:32 151

«Шығыс Қазақстанның аңыздары мен ертегілері» атты электрондық кітап шығарылды. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасының қолға алған жобасы болып отыр.



Аталмыш кітапта облыстағы 15 киелі орын жайлы аңыздар жинақталыпты: Ертіс өзені, Қиын Керіш шатқалы, Марқакөл көлі, Рахман қайнарлары, Мұзтау, Қоңыр Әулие, Қасиетті бұлақ, Ырғызбай ата кесенесі, Берел қорғандары, Шілікті қорымы, Еңлік-Кебек кесенесі, Қозы Көрпеш-Баян Сұлу мазары, Күшікбай, Аблайкит бекінісі, Ақбауыр. Аңыз-ертегі түрінде жазылған туынды балалар аудиториясына арналған екен.


Облыстың аңыздары мен ертегілері негізінде кітап шығару идеясы өткен жылы пайда болған.  Мұндағы негізгі мақсат - өңірдің сакралдық орындарын кеңінен насихаттау, жас ұрпақты өз өлкесінің тарихын білуге баулу арқылы көркем әдебиет оқуға қызығушылығын арттыру. Ал оның электронды нұсқада шығарылуы басылымды барынша қолжетімді етуге бағытталған екен.


Кітапта басты екі кейіпкер бар: Санжар есімді бала мен оның атасы. Екеуі Шығыс-Қазақстанды аралап, саяхатқа шығады. Олардың жүріп өткен жолдары кітаптың бас беттеріндегі картада көрсетілген. Әр аңыз-ертегіге «Дарын» орталығының,  Өскемен қаласының балалар көркемөнер мектебінің және оқушылар шығармашылық сарайының сурет байқауларындағы жеңімпаздардың суреттері арқылы иллюстрация жасалған. Кітап мұқабасы Берел қорымында табылған артефактілердің негізінде жасалған ою-өрнектермен көркемделіп, ұзын ақ сақалды қария бейленеген. Ол өткен заманмен мен осы күнді байланыстырып, оқырмандарға сол аралықта жинақталған даналықты жеткізіп отырғандай. Сонымен қатар, мұнда облыс аумағын мекендейтін түрлі халықтардың мақал-мәтелдері де қолданылған.


Кітап «Артекс» баспа-полиграфиялық фирмасының баспаханасында шығарылды. Аңыз-әңгімелердің авторлары: Қазақстан жазушылар одағы ШҚО филиалының директоры Әлібек Қаңтарбаев және балалар кітаптарының авторлары Марина Юрченко мен Күлмай Сембаева.


Кітаптың тұсаукесерінде алдағы уақытта аңыздар мен ертегілерді жаңа орындармен толықтыру көзделгені туралы айтылды.


-Біз әзірше ел аузындағы 15 киелі орынды ған беріп отырмыз, - деді туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев. – Бірақ бұл жобаның тек бастамасы ғана. Алдағы уақытта топтаманы толықтыруды жоспарлап отырмыз.

Аталмыш басылым туризм басқармасының toureast.kz ресми сайтында жарияланып, кез келген оқырманға қолжетімді болмақ.


[su_slider source="media: 24629,24632,24633,24634"]

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив