KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Күршімде жас боксшылардың ауданаралық турнирі өтті

26.04.2018, 06:44 149

Күршім ауданының Барақ батыр атындағы спорт кешенінде Астана қаласының 20 жылдығы құрметіне арналған бокстан жасөспірімдер арасында ауданаралық турнир өтті. Бұл дүбірлі бәсекеге Күршім, Зырян, Катон, Көкпекті, Самар, Үлкен Нарын, Бұқтырма командалары қатысып, 70-тен астам балғын спортшы атсалысты.


- Шын мәнінде тартысты өткен осы дүбірлі додада7 спортшысы 1-орын, 11 спортшысы 2-орын, 4 спортшысы  3-орын алған Күршім ауданының командасы жүлделі I орынға ие болып, алға шықты. II орынды Зырян командасы иеленіп, Үлкен Нарын командасы III орыннан бой көрсетті,-дейді турнирдің бас төрешісі, Күршім аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Серік Көкенов

Сондай-ақ, бұл турнирде «Үздік айла-тәсіл көрсеткен ең жас боксшы» аталымына күршімдік Тымбаев Жарас ие болса, «Ең үздік айла-тәсіл көрсеткен боксшы » аталымына зыряндық Темірбаев Темірәлі лайық деп танылды. «Ең үздік боксшы» аталымын катондық Ерден Темірлан жеңіп алып, «Жеңіске деген құштарлығы үшін» аталымының жүлдесі бұқтырмалық Осипов Сергейге берілді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив