KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

Риддердегі жол-көлік оқиғасы туралы ресми ақпарат берілді

16.04.2018, 06:21 196

Өткен жексенбіде, 15 сәуірде, Риддер қаласында жол-көлік оқиғасы адам қазасына әкеп соқты. Кешкі сағат 9 шамасында шетелдік көлік жүргізушісі 1999 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.


«BMW Х5» автокөлігі Айдарханов көшесімен ілеспе бағытта жолдың жиегінде жүріп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1999 жылы туған жаяу жүргінші «жедел жәрдем» келмей тұрып, оқиға орнында қаза тапқан.


Оқиғаны тексеру барысында 45-жасар «BMW Х5» жүргізушісі мас күйінде болғаны және Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев екені анықталды.


- Риддер қаласы ІІБ ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі, яғни көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - дейді ШҚО ІІД басшысы Жанарбек Бақтыбаев.

ШҚО әкімі тапсырмасына сәйкес жол-көлік оқиғасын тергеу ШҚО Ішкі істер департаменті бастығының бақылауына алынып отыр.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив