KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 2 м/с, СШ
478.96 533.03 5.22

Министр Қалмұханбет Қасымов Риддерде болған оқиға туралы айтты

15.05.2018, 08:26 170

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Риддер қаласы әкімінің орынбасарының  қатысумен болған жол-көлік оқиғасы әділ түрде тергеліп, кінәлі адамдар жауапқа тартылатынын айтты. Бұл туралы bnews.kz жазады


«Қазір ол қамауда отыр. Осы оқиғаның әлі де анықтай түсетін жай-жапсарлары бар. Кінәсы бар адамдардың барлығы жауапқа  тартылады»,-деді Қ. Қасымов.


Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы, 15 сәуірде, Риддер қаласында  болған жол-көлік оқиғасы адам қазасына әкеп соққан болатын. Кешкі сағат 9 шамасында шетелдік көлік жүргізушісі 1999 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.


«BMW Х5» автокөлігі Айдарханов көшесімен ілеспе бағытта жолдың жиегінде жүріп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1999 жылы туған жаяу жүргінші «жедел жәрдем» келмей тұрып, оқиға орнында қаза тапқан.


Оқиғаны тексеру барысында 45-жасар «BMW Х5» жүргізушісі мас күйінде болғаны және Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев екені анықталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив