KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
480.61 534.53 5.28

ШҚО-да мемлекеттік-жеке меншік серіктестіктің даму әлеуеті зор

29.03.2018, 08:55 177

Облысымыз өткен жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын орындау аясында атқарылып жатқан осы бағыттар бойынша көш бастап келді. Былтыр жыл көлемінде мемлекеттік-жеке меншік серіктестік бойынша 65 келісім-шарт жасалып, 8,0 млрд.теңгеге ұзақ мерзімді мемлекеттік тапсырыс жасалды. Оның ішінде 64-і - жеке меншік балабақшалармен жасалған келісімдер, ал біреуі Семей қаласындағы меншік спорт нысанындағы жаттықтыру процессін ұйымдастыруға қатысты.


Сондай-ақ, 2017 жылы 23,6 млрд.теңгеге МЖМС-тің екі жобасы бойынша концессия алушыларды анықтауға конкурс жарияланды (Өскемен қаласындағы 300 орынды көпсалалы аурухананың құрылысы мен пайдалануы – 21,3 млдр.теңге, Зыряндағы орталық жылу көзін қайта құру – 2,6 млрд.теңге).


Қазіргі уақытта конкусртың нәтижелері шығарылып, осы жобалар бойынша концессия келісім-шарттарын жасау жоспарланып отыр. Ағымдағы жылы Семей қаласындағы 200 орынды балалар ауруханасының құрылысына конкурс жарияланбақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив