KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Мереке күндері ШҚО-да күн райы күрт жылынып, жаңбыр мен дауылды жел болады деп болжануда

20.03.2018, 15:52 135

23 наурыздан 26-сына дейінгі аралықта ауа температурасы жоғарылап, жауын-шашын болады, соның салдарынан су деңгейі көтерілуі әбден мүмкін.


«Қазгидромет» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы дауылды ескерту бойынша хабар таратып отыр. Хабарламада көрсетілгендей, 23-26 наурыз аралығында қатты жауын-шашын орын алып, күн жылын түспек.


Мұндай ауа-райы мұз қабатының еріп, өзендердің ернеуінен асуына, су деңгейінің көтерілуіне алып келетіні белгілі. Сондықтан облыс тұрғындары бұл ескертуге назар аударып, қауіпсіздік шараларын қолданғандары абзал.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив