KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
480.61 534.53 5.28

Шығыстың іргелі университеті туралы кітап жарық көрді

27.01.2018, 03:40 229

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 65 жылдығына арналған «Ғасырдан – ғасырға» атты кітап жарық көрді.


258 беттен тұратын кітапта оқу орнының қалыптасуы, тарихи кезеңдері туралы ақпарат жиналған. Басылым тарихи фотосуреттермен безендірілген, кітапта мамандар дайындауға үлес қосқан оқытушылар, басшылар, университеттің даңқын шығарған түлектер есімдері аталады. Кітаптің «Университеттің қалыптасуы. XIX-XXI ғасырлар», «ХХІ ғасырдағы ШҚМУ», «Құрылымдық бөлімшелер», «Оқу құрылымдары» сынды негізгі тараулары бар.


Басылымды төрт маманнан және оқу орны құрылымдарының 16 жетекшісінен құралған редакциялық алқа әзірлепті. Кітап ШҚМУ-дың «Берел» баспасынан шықты.


Кітаптың электронды нұсқасын ШҚМУ-дың ресми сайтынан оқи аласыздар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив