KZ
Өскемен
-1°
плотный туман Штиль
480.61 534.53 5.28

Биыл ШҚО-да жол-көлік оқиғалары недәуір азайыпты

16.11.2017, 03:07 354

Биыл облыста орын алған жол-көлік оқиғалары өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда біршама азайған. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары Сергей Коваленко мәлім етті.


Ағымдағы жыл басынан бері өңірде 1009 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан, 107 адам мерт болған. Ал өткен жылы жол апатынан 156 адам көз жұмған. Биыл облыста балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының саны 2016 жылмен салыстырғанда 7,8 пайызға төмендеген. Тәртіп сақшыларының мәліметі бойынша, көлік апатының басым бөлігі жол ережесін сақтамай, жылдамдықты шамадан тыс асыратын жүргізушілердің кесірінен болады. Сергей Коваленконың айтуынша, өкінішке қарай, биыл жол-көлік оқиғаларында сегіз бала көз жұмып, 229-ы жарақаттанған.


– Қараша айының 13-19 аралығында облыс орталығында «Жол қауіпсіздігі апталығы» өтетін болады. Ондағы басты мақсат – оқушылардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алып, бала қауіпсіздігіне ата-ана мен мұғалімдердің жауапты екенін түсіндіру. Акция барысында тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қауіпсіздік ережелерін түсіндіретін болады. «Жол қауіпсіздігі» акциясы басталғаннан бері облыс аумағында 2732 жол ережесін бұзу фактісі тіркеліп, мас күйінде көлік жүргізген 57 адам ұсталды, - дейді Сергей Коваленко.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив