KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 4 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

ҚҰРЫЛЫС ҚАШАН ҚҰЛАШЫН КЕҢГЕ СЕРМЕЙДІ?

21.02.2012, 18:00 347


Кеше аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ төрағалығымен облыс әкімдігінің мәжілісі болып өтті. Оған облыстық мәслихаттың хатшысы, облыс Әкімінің орынбасарлары, басқармалар мен департаменттердің басшылары, сонымен қатар қоғамдық ұйымдардың өкілдері және селекторлық режим арқылы қалалар мен аудандардың әкімдері қатысты.

Қаржы бар, құжат қайда?

Мәжілісте ең алдымен қалалар мен ау-дандар әкімдіктерінің бюджеттік инвестиция-лық жобаларды іске асыру барысы туралы мәселе қаралды. Баяндама жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Елена Ясинская бірқатар өзекті мәселелердің басын ашты. Айталық, жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу өңірде өте кешеуілдеп жатыр. Әкімдіктер белгілі бір жобаны бастама етіп көтереді де, оның жобалық-сметалық құжатта-маларын жасау ісін созып жүріп алады. Нәтижесінде аудандық, облыстық, республикалық бюджеттерден бөлінгелі тұрған қаржыдан қағылады. Яғни, жобаның құжатта-малары дер кезінде ұсынылмаса, сол құры-лысқа белгіленген қаржы қайтадан алынып қояды.


Кейбір жобалар әу бастан-ақ тиімсіз болса да қолға алынған. Мәселен, Шемонайха ауданындағы шағын ғана Медведка ауылында 80 орындық мектеп салу көзделіпті. Кіші-гірім елді мекенге мұндай нысанды салу қай жағынан алып қарасаңыз да тиімсіз. 2008 жылы Ұлан ауданындағы Мәрсеков атында-ғы мектепке жапсарлас шеберхана салуға 9,7 миллион теңге бөлу көзделген, бірақ бұл жоба да іске аспай қалған. Оның жасалып қойған жобалық-сметалық құжаттамасы қазір ескірді. Бұл құрылысты жүргізу үшін енді жобалық-сметалық құжаттаманы қайтадан жасауға тура келеді. Себебі, бірнеше жылдың ішінде құрылыс материалдарының құны да өсе түскен.

Аудан-қала әкімдіктері құрылыс басқар-масына жобалар бойынша мәліметтерді уақытында өткізбей, істі кешеуілдетеді. Осы-ған орай, аймақ басшысы басқарма басшылары мен жергілікті әкімдерге барлық жобаларды ретке келтіру қажеттігін тапсырды.

– Инвестициялық жобалар бойынша бөлінген қаржыны егер құжаттамалары әзір болмаса, қайтарып алу керек. Өйтпесе болмайды. Жергілікті жерлер үнемі қаржы сұрайды, ал берейік десек, құжаттары әзір емес. Олай болмау керек қой. Өкінішке қарай, біз қаржыны игеру бойынша өткен жылдың қателіктерін қайталап отырмыз. Қаншама жобалық-сметалық құжаттамалар кешігіп әзірленгендіктен жарамсыз болып қалды. Бұл – желге ұшқан ақша ғой, – деді облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ осы мәселеге орай.

Аймақ басшысы жобалық-сметалық құжаттары дайын емес жобаларды тоқтату керектігін қадап айтты. Әйтпесе, бұл үрдіс жалғасын таба бермек. Бір ғана мысал – облыс орталығы Өскемен қаласында 1200 орындық заманауи мектеп құрылысын жүргізу бастамасы көтерілген. Бірақ, сол құрылыстың жобалық құжаттамасы әлі де әзір емес. Құжатты дер кезінде министрлікке жөнелтпесе, оған қарастырылған қаржы басқа салаларға аударылады. Ал Өскемен қаласы маңызды әлеуметтік нысансыз қалмақ.

Облыс Әкімі осыған орай құрылыс бас-қармасының бастығы Думан Сүлейменовтен мәселені түсіндіруін сұрады. Басқарма же-текшісінің айтуынша, жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, құрылысты жүргізуге Білім және ғылым министрлігі 1,7 миллиард теңге қарастырған.

– Бір нысанның құжатын жасау сонша-лық қиын ба? Төрт ай өтті ғой. Жобалық институттардың қолдарынан келмесе, басқа өңірлердегі мамандарға беріңдер. Бұдан басқа жол жоқ. Мектептің құжаттарын осы аптаның аяғына дейін толық бітіру керек. Бұл аса маңызды нысан, – деді аймақ басшысы.
Бюджеттік инвестициялық жобаларға қа-тысты, яғни жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу ісін жеделдету жөнінде өз орынба-сарлары Серік Әбденов пен Жомарт Мұра-товқа міндеттер жүктелді.

Өңірдің даму көрсеткіштері көңіл көншітеді

Бұдан соң облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Елена Ясинская жиналғандарға Шығыс Қазақстан облысының 2012 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық да-муының қорытындысы туралы ақпаратты ұсынды.

Жылдың алғашқы айының қорытынды-сы бойынша көрсеткіштер көңіл көншітер-ліктей. Мәселен, қаңтарда өндірісте 60,4 миллиард теңгенің өнімі өндірілген, бұл былтырғы көрсеткіштен 36 пайызға артық. Ал республикалық деңгейден 23 пайызға жоғары. Бұл ретте облыстағы Риддер қаласы мен Аягөз, Зырян, Зайсан, Ұлан аудандары жоспарланған межеге жете алмаған. Қайта өңдеу саласында 52 пайыздық өсім байқалады. Бұл республикалық шамадан 19 пайызға көп. Осы орайда нақты индекс көлемі Аягөз, Бородулиха, Зайсан, Зырян, Ұлан, Үржар аудандарында кеміген.

Қаңтар айында облыста 9 тонна ет өндірілген, сүт өндіру көлемі 1,3 пайызға артқан. Жұмыртқа өндіру былтырғы қаңтармен салыстырғанда 62 пайызға төмендеген. Ет өндіру Үржар, Глубокое, Бородулиха, Зайсан аудандарында, сүт өндіру Семей қаласы мен Үржар, Бородулиха аудандарында төмендеп кеткен. Өңірде қой-ешкі – 4, ірі қара 3 пайызға, ал құс саны 14 пайызға азайған. Үржар ауданында және Семей қаласында қой саны кеми түскен. Ауыл-шаруашылығы саласына 6,2 миллиард теңге инвестиция құйылған. Инвестициялардың басым бөлігін кәсіпкерлердің өз қаржысы құрапты.
Құрылыс саласында 7 мың шаршы метр орынжай пайдалануға берілген. 5 өңірде – Өскемен, Абай, Жарма, Күршім, Ұланда құрылыс мүлдем жүрмеген. Оны ауа райы-ның суықтығымен түсіндіреді жергілікті басшылар. Шағын және орта бизнес нысандары бір айда 27 миллиард теңгенің өнімін өндірген. 66 мың кәсіпорын белсенді түрде жұмыс істеп тұр. Қаңтар айында облыс аумағында бірқатар жаңа жұмыс орындары пайда болып, олардың саны 5 пайызға өскен.

Облыстық бюджеттің кіріс бөлігі бүгінгі таңға дейін 47 миллиард теңгеге орында-лып отыр. Облыс бойынша орташа жалақы көлемі 73593 теңгені құрайды. Жұмыссыз-дар саны 500 адамға азайған.

Медицина саласына келер болсақ, мұн-да да алға жылжу байқалады. Мәселен осы жылдың алғашқы айында өткен жылдың қаңтарындағы жағдайға қарағанда, бала өлімі 20 пайызға, қатерлі ісікпен науқас-танған адамдардың саны 23 пайызға кемі-ген. Бір сөзбен айтар болсақ, барлық дерлік көрсеткіштер көңіл көншітерлік.

Бұдан соң облыс Әкімі бірқатар қала-лар мен аудандардың әкімдерімен селек-торлық режим арқылы байланысып, оларға әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіш-терін көтеруге, азық-түлік бағасын ауыздық-тауға, құрылыс нысандарының құжатта-рын пысықтауға, жылумен қамту сапасын арттыруға қатысты нақты-нақты міндеттер қойды.

– Облыстың алғашқы айдағы әлеумет-тік-экономикалық даму көрсеткіштері өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жоғары болып отыр. Барлық әкімдер, бағдар-ламалардың әкімшілері кемшін тұстарды реттеп, бірінші тоқсанның қорытындыла-рын жақсарту керек. Көрсеткіштер орташа республикалық деңгейден кем болмауы тиіс, – деп тапсырды облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.

Қосымша білім беруге ерекше мән берген жөн

Келесі кезекте облыстық білім басқар-масының бастығы Мәдениет Ахметованың қалалар мен аудандар әкімдерінің қосым-ша білім беру ұйымдары желісін дамыту жөніндегі жұмысы туралы ақпараты тыңдалды.

Қосымша білім беру мекемелері дамытуды қажет етеді. Облыста 70 мектептен тыс мекеме жұмыс істеп тұр бүгінгі таңда, оларға оқушылардың 18 пайызы тартылған. Былтыр 5 қосымша білім беретін мекеме ашылды. Өскемен, Семей, Риддер қалалары мен Шемонайха, Глубокое аудандарында бұл іс жақсы жолға қойылған, ал Ұлан, Аягөз, Үржар және Тарбағатай аудандарында, өкінішке қарай, бұл салаға жіті көңіл бөлінбей келеді. Биыл Өскемен, Аягөз, Бесқарағай, Зырян, Курчатов, Тарбағатай, Күршім және Катонқарағай аудандарында қосымша білім беретін тағы 8 мекеме ашылады. Олардың саны облысымызда бекітілген кешенді жоспарға сәйкес өсіп отырмақ.

Енді балалар туризмі саласын дамытатын уақыт жеткен сыңайлы. Өйткені, біздің өңірде қосымша білімнің тек көркемдік және спорттық бағыттары жақсы дамыған. Ал балалар болса, радиоэлектроника аспаптарын құрастыру, авто және аэромодельдерді жасау, саяхатқа шығу сияқты істермен де айналысуы қажет-ақ.

Тағы бір түйткіл – осы салада білікті мамандар жетіспейді, әсіресе, мемлекеттік тілді меңгергендері. Жуырда 2012–2015 жылдарға арналған қосымша білім беру бағдарламасы бекітілуі тиіс, осы мәселелер сонда қамтылған.

Басқарма басшысының айтуынша, қосымша білімнің салаларын кеңейту қажет, сондай-ақ осы іске демеушілерді тартып, мамандар тапшылығын жою керек.

– Бұл өте маңызды мәселе. Егер жас-тар арасындағы қылмыс пен тәртіпсіздіктің деңгейін азайтайық десек, ең алдымен олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру ісімен шұғылдануымыз керек. Осы орайда, қосымша білім берудің жаңа нысандарын көптеп салатын боламыз. Мектептердегі бос орындарды да тиімді пайдалануымыз қажет. Орынбасарым Ермек Көшербаевқа және жергілікті әкімдерге облыстағы білім беру нысандарын бос орынжайларға қатысты тексеріп шығуды жүктеймін. Олардағы спорт және акт залдары ұдайы жұмыс істеп тұру керек, тіпті демалыс және мейрам күндері де. Бұл ретте Ұлан, Аягөз, Жарма, Үржар, Тарбағатай, Катонқарағай аудандарында олқылықтар бар.

Ал аудандарда қосымша білім беру ұйымдарына қаржы бөлуді азайтпай, керісінше көбейту керек. Олардың материалдық-техникалық базасын нығайту ісіне демеушілерді тарту жолдарын қарастырған жөн. Сонымен қатар, жергілікті жерлердегі білім бөлімдерінде осы салаға қатысты жауап беретін мамандар болу керек, оған штат бөлінуі тиіс, – деп түйіндеді мәселені облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.

Жаздық жобаларға қыста қам жасау керек

«Қыстың қамын жаз ойла» демекші, жаз маусымында атқарылатын құрылыс жұмыстарының құжаттарын қыста әзірлеп қою қажеттігін аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВ әрбір жиында айтады. Өкінішке қарай, жауапты орындар бұл ескертуден тиісті нәтиже шығара алмауда. Облыстық құрылыс басқармасының бастығы Думан Сүлейменовтің айтуына қарағанда, ағымдағы жылы аталмыш басқармамен 19 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. Бүгінде осы нысандардың 12-сінде жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптаудан өткізілген. Қалғандары әзірше дайын емес. Мұның сыртында 7 нысан бойынша құрылыс жүргізу және қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу конкурстары өткізілмеген. Соның ішінде бесеуі мемле-кеттік сараптамада қаралуда.

Ақпарат берген Думан Сүлейменовтің сөзіне сенсек, 2013 жылы өңірде республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын 22 нысанның құрылысын жүргізу көзделіп отыр. Мұның ішінде 7 жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілген. Қалғандары алдағы уақытта жүзеге асырылмақ.

Жобалық құжаттар болмаса, бюджет қаржысын игеру қиынға соғатынын қатаң ескерткен аймақ басшысы алдағы сәуір айына дейін құжаттарды тас-түйін реттеп, сараптамадан өткізуге тапсырма берді.

– Біздегі жобалаушы мамандар қит етсе болды миллиардтың үстінде ақша сұрайды. Құрылыс басқармасы берген қағазға қарасаңыздар 300 орындық мектептің құрылысына 300-500 миллион теңге көлемінде ақша сұрайды. Біз де білеміз ғой ондай мектептерді салуға қанша қаржы жұмсалатынын. Бұл мәселені қашанға дейін айта береміз?! Өзімізде өндірілетін құрылыс материалдарын неге пайдаланбаймыз?! Қаржыны үнемдеуге неге тырыспаймыз? – деген облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ жобалауға қатысты нақты бір мысал келтірді.

Аймақ басшысының айтуынша, Өскемен қаласында бой көтерген хоккей модулінің бастапқы жобалық құны 1 миллиард теңгені құрапты. Бұл сома тым көп деген соң 700 миллионға төмендетілген, одан кейін тағы да 500 миллионға, ақыр-аяғы 275 миллион теңгемен шектелген. Және сол 275 миллион теңгеге тамаша хоккей модулі тұрғызылды. Қалайша? Себебі оны өзіміздің құрылысшылар салды, өзіміздің материалдар пайдаланылды. Мұз бен мәшинелерден басқасы, әрине. Осының бәрін тізбектей келе Әкім облыста құрылысы жүргізілетін әрбір нысанның жобалық құнын есептеп, анықтауды осы салаға жауапты орынбасарына, тиісті орындардың басшыларына жүктеді.

Сонымен қатар облыс Әкімі мемлекеттік сатып алу жайына да тоқталды. Оның сөзіне қарағанда 366 конкурс өткізу көзделген, бүгінде соның 132-сі ғана жүзеге асырылған, яғни шамамен алғанда 40 пайызы ғана. Деректерге көз жүгіртсек, Курчатов қаласында осы уақытқа дейін бірде-бір конкурс жарияланбаса, Өскеменде – 9, Семейде – 16, Зырянда – 15, Үржарда – 17, Шемонайхада -11, Катонқарағайда – 8, Бесқарағай-
да – 7, құрылыс басқармасында 12 конкурс өткізілмей қалған.

Бұдан кейінгі қаузалған тақырып – қарыздар. Тиісті шаралардың қолданылып жатқанына қарамастан берешек көлемі әлі азаймай тұр өңірде. Атап айтсақ, Семей мен Өскеменде қайтарылмаған қаражат көп кө-рінеді. Олардың басым бөлігі коммуналдық қызметтер үшін төленетін ақша. Соған сәйкес облыс басшысы өзінің орынбасарларына, екі қала әкімдеріне және құқық қорғау орган-дарының басшыларына бірлесе отырып қа-рызды қайтаруды тапсырды. Ендігі жерде Семейдің берешегін мемлекеттік бюджет есебінен өтеу болмайтынын да ескертті.

Сондай-ақ өңір басшысы инфляцияны ауыздықтау, халық тұтынатын негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында өз өнімдерімізді пайдаға жарату сияқты өткір тұрған проблемаларды атап көрсетті. Жиында алдағы көктемгі егістік науқанының қам-қарекеті, техникалардың әзірлік барысы, жанар-жағармайдың жеткі-лікті және тұқым сапасының жоғары болуы айтылды. Тұқым демекші, егілетін өнімдер-ден тек күнбағысқа ғана қарап қалмай, бас-қа да дәнді-дақылдарды өсіру қажеттігі сөз болды.

Жақында Өскемен қаласында өтетін Парламенттің көшпелі мәжілісінде депутаттар қарауына ұсынылатын «Семей ядролық полигоны туралы» Заңның орындалуы жөніндегі құжаттарды дайындап қоюды нықтап тапсырған облыс Әкімі ол жиынға өңірдегі экология саласына қатысы бар барлық мемлекеттік орындардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, басқа да жауапты адамдар қатысуы тиіс екендігін жеткізді.

Шығыстың футболын шыңыраудан шығаратын кез жетті

Облыс әкімдігінің отырысында спортсүйер қауым үшін маңызды тағы бір мәселе қаралды. Ол – аймақ футболының ахуалы. Мойындауымыз керек, Өскемендегі «Востоктың» да, семейлік «Спартактың» да қазіргі жағдайы мәз емес. Екеуі де көш соңында келеді ілбіп.

Естеріңізде болса, былтыр елімізде футбол маусымы басталған кезде облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ осындағы барлық аяқдоп мамандары мен футболшыларды жинап алып, келелі кездесу өткізген. Нәти-жесінде «Восток» клубына қалалық бюд-жеттен қомақты қаражат бөлініп, сырттан теңбіл доп шеберлерін сатып алғанбыз. Вахид Масудов сынды білікті бапкерге берілген команданың тізгіні. «Востоктың» басшылығы да, ойыншылары да 2011 жылы премьер-лигада табысты өнер көрсетуге сендірген. Өкінішке қарай, Шығыстың футболы шыңы-раудан шыға алмады. Алғашқы ойында алматылық «Қайраттан» басым түскен жер-лестеріміз 18 ойында жеңілістің ащы дәмін татты. Ақыры ала-құла ойындарының салдарынан премьер-лигамен қош айтысып, бірінші лигаға түсіп тынды.

«Восток» клубы директорының міндетін атқарушы болып ағымдағы жылы ғана тағайындалған Ақан Асқаров «Аймақ футболын аяғынан тік тұрғызу үшін не істеу керек?» деген облыс Әкімінің сауалына ең әуелі жастар мен жеткіншектердің дайындығын мықтап қолға алу керектігін алға тартты.

Алайда Ақан Асқаровтың сөзіне сенсек, соңғы бес жылда клуб Өскеменнен бөлек ау-дан-ауылдардан бірде-бір жасты құрамына алмапты. Былайша айтқанда, аудандардағы спорт мектептерімен байланыс орнатпаған, ауылды жерлердегі қара домалақтарды қа-тарға қосуға ниет білдірмеген. Бес жылдың ішінде Аягөз ауданынан Жүсіпов деген жалғыз жас ойыншыны алыпты.

Семейдегі «Спартактың» жағдайы бұдан да мүшкіл, қарызға белшеден батқан. Ойыншылар кейінгі үш жыл бойы жалақы алмапты. Өткен жылы футболшылар сотқа шағымданып, 18 миллион берешегі бар клубтың есепшоты желтоқсан айының соңында жабылған. Футбол командасы мен стадионның есептік шоты бір болғандықтан, жасыл алаң да жұмыс істемей қалған.

Өз кезегінде облыс басшысы Бердібек САПАРБАЕВ бұл мәселеге қатысты Семей қаласының басшысы Айбек Кәрімовтен сұрап, білді. Содан кейін алдыңғы жылдардың берешегін әзірше қоя тұрып, алдымен былтырғы қарызды қайтаруға қаржы тауып беретіндігін айтты.

– Барлық әкімдердің қаперіне саламын, аудандарда футбол бөлімдері жұмыс істесін. Екіншіден, аудан орталықтарында және ірі елді мекендерде футбол алаңдары жөнделіп, іске қосылсын. Егер жергілікті бюджеттің ақшасы жетпесе, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша бөлінеді. Ал аймақтағы екі футбол клубына келсек, олар қалалық қазынадан қаржыландырылады. Олардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмектесеміз. Ең бастысы, біз келер жылы қазақ футболына 100 жыл толатынын ұмытпауымыз керек. Қазақ футболының кіндігі Семей қаласында кесілгенін, оның құрылуына заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезовтің атсалысқанын біздер мақтаныш-пен айтамыз. Сондықтан осы мерейлі мере-кеге жақсылап дайындалуымыз қажет, – деп сөзін түйіндеген облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ өңірдегі футболды дамытуға, клубтарды көтеруге жергілікті қалталы азаматтарды, кәсіпкерлерді тарту қажеттігін еске салды.

Сонымен мәжіліс соңында қазақ футболының отаны саналған Шығыстағы қос клубтың, жалпы аймақ футболының жағдайын жақсарту мақсатында бірқатар өзгерістер орын алды. Шығыс Қазақстан об-лыстық футбол қауымдастығының бұрынғы президенті Марат Татаевтың өтініші бойынша аталған қауымдастықтың президенті болып облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ бір ауыздан сайланды. Өз кезегінде жаңа президент екі вице-президент қызметіне Владимир Головатюк пен Михаил Лобуков мырзалардың кандидатурасын ұсынды.

Айтпақшы, отырыста Қазақстанның қала құрылысы және сәулет одағының өкілі Н.Реутов ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен аталмыш одақтың 10 жылдығына орай облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВҚА қала құрылысын жүргізуге қосқан өлшеусіз еңбегі үшін атаулы естелік сыйлық пен диплом табыс етті. Естеріңізге сала кетейік, мұндай мәртебелі марапат ең бірінші Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВҚА, содан кейін Алматы мен Астана қалаларының әкімдеріне ғана берілген. Енді міне, құрметті сыйлыққа атқарған қажырлы еңбегінің арқасында аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВ ие болып отыр.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив