KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
480.63 535.13 5.27

Өскемендегі төмен байытылған уран қалай және қайда сақталады

31.08.2017, 10:35 207

«ҮМЗ» АҚ алаңында орналасқан банк шамамен 900 шаршы метр аумақты алып жатыр, ол – АЭХА-ның сейсмика және физикалық жағынан қорғау бойынша талаптарына сай жеңіл жиналатын қойма.


Мамандардың айтуынша, бұл ғимарат 8 балдық зілзалаға төтеп бере алады. Ол температуралық және радиологиялық датчиктермен жабдықталған. Уранның гексафториді қалыңдығы 12 сантиметрлік өте төзімді болат цилиндрларда сақталатын болады. Сақталатын отынның жалпы мөлшері 90 тоннаны құрамақ.


Ғимаратты АЭХА техникалық талаптарын ескере отырып, жергілікті құрылысшылар салған. Банкті тұрғызуға 700 миллион теңге жұмсалыпты, қаржының жартысынан көбін Атом энергиясы жөніндегі агенттік төлеген.


Банк Қазақстанның және АЭХА-ның талаптарына сәйкес әрекет етеді. Онда апатты дабыл жүйесі және фтордың болуын бақылайтын жүйе, көптеген бақылаушы датчиктер орнатылған.


– Біздің қойма өрт қауіпсіздігі және радиологиялық өлшеу аспаптарымен жарақталған. Уран гексафторидімен біз бұрыннан жұмыс істейміз. Тәжірибеміз мол. Елу жыл ішінде аталмыш зат салынған баллондарға қатысты бірде-бір оқыс оқиға болған емес. Сонымен қатар, бізде радиобелсенді заттармен жұмыс істеуге машықтанған арнайы бригада бар, – деп түсіндірді «ҮМЗ» АҚ өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі директоры Сергей Сидоров.


Банкте гексафторид түріндегі төмен байытылған уран сақталады.Оның ең көп көлемі 60 дана цилиндрді құрайды. 1 цилиндрде 1,5 тонна уран гексофториді сақталады десек, ең көп мөлшері 90 тоннадан артпайды. Бұл көлем қуаты 1 мың МВт реакторды бір рет толық жарақтауға жеткілікті.

Үлбі металлургиялық зауыты 40 жылдан астам уран гексафторидімен жұмыс істеуде оң тәжірибе жинақтаған. Атом энергетикасының қажеттілігін қанағаттандыру үшін 1973 жылы керамикалық сортты төмен байытылған уран диоксидінің ұнтақтарын дайындау бойынша өндіріс ұйымдастырылған. Ұнтақтың бірінші көлемі 150 тоннаны құрады. 1986 жылға қарай зауытта жыл сайын 600 тоннаға дейін ұнтақ және 1000 тонна отын таблеткалары шығарылды. ҮМЗ қазіргі кезде детұтынушыларға отын таблеткаларын шығара отырып гексафторидпен жұмыс істейді.


Қосымша:


Уран гексафториді – ядролық отынды дайындауға арналған бастапқы шикізат. Уран гексафторидінен тікелей уран диоксиді ұнтағын алады, ұнтақтан отын таблеткаларын дайындайды. Ары қарай таблеткаларды атом электр станциясы реакторына енгізеді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив