KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
478.96 533.03 5.22

ШҚО-да аттестациядан өте алмаған 16 мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды

25.08.2017, 03:12 162

ШҚО-да 5598 мемлекеттік қызметкер аттестациядан өтіп, 93,4 %-ы құзыреттілігіне сай екенін көрсеткен. Ал жалпы көрсеткіштің 0,3%-ы, яғни 16 мемлекеттік қызметкер сынақтан сүрінгендіктен, қызметін босатпақ.


Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департамент басшысының, әдеп жөніндегі кеңес төрағасының м.а. Қайрат Сапарғалиев аттестация қорытындысына тоқталып, сынақ жұмыстары барысында бір заңбұзушылық факт орын алғанын айтып өтті.


– Комиссия шешімімен 16 мемлекеттік қызметткер қызметін босату туралы шешім қабылданған. Алайда Глубокое ауданының әкімдігінің қызметкері шағым түсіріп, аттестацияда заңбұзушылық факт орын алғанын айтты. Тексеру барысында анықталғандай, оның функционалдық міндеттеріне сай келмейтін сұрақтар қойылғандықтан ол жауап бере алмаған. Қзір ол өзінің қызметін жалғастыру үстінде, – деді Қайрат Сапарғалиев.


Жалпы көрсеткіш бойынша 301 мемлекеттік қызметкердің лауазымы жоғарлауы туралы шешім қабылданса, 49 қызметкер керісінше лауазымы төмендетілмек. Ал қызметін босатқан азаматтар қайта бастапқы тестілеуден өтіп, басқа мемлекеттік органдарға жұмысқа орналаса алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив