KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

Облыста инклюзивті біліммен қамту нашар

17.08.2017, 09:37 148

Облыстық прокуратура өңірдегі мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнаманың орындалуына талдау жасаған кезде біраз заңбұзушылықтарды әшкереледі. Ерекше балғындардың саны жылдан жылға өсуіне қарамастан, уәкілетті органдар бұл проблемаға жете мән бермеген.


Қазір облыста барлығы 15 208 мүмкіндігі шектеулі бала есепте тұр. Соңғы 3 жылда кәмілетке толмаған жарымжан балалардың саны 34 %-ға өскен. Оның ішінде психикалық дамуының ауытқуы бар балалар саны көбейгені байқалады. (1 762 немесе 35 %). Алайда қадағалау органы ешбір уәкілетті орган мүгедек балалар санының өсуіне талдау жасамағанын анықтады.


Кәмілеттік жасқа толмаған ерекше балалардың тек 11,8% ғана (1 802 бала) инклюзивті білім алумен қамтылған.


Облыста инклюзивті білімді қажет ететін 5 мыңнан астам балаға қызметтің бұл түрі ұсынылмаған. Олар мектептерге барады, бірақ білім мекемелерінде олардың ауруларын ескеретін жағдайлар мүлде жасалмаған.


Облыстың 3 ауданында мүгедек балалардың білім алуына қолайлы бірде-бір мектеп жоқ. Соның салдарынан бұл аудандарда 600-ге жуық бала арнайы көмексіз оқуда.


«Мұқтаж балалар тұрмайды» деп есеп берген бір ауданда прокуратураның тексеруінен кейін 53 мүмкіндігі шектеулі бала белгілі болды.


Сондай-ақ ерекше күтімді қажет ететін балалармен жұмыс істей алатын педагогтар да жетіспейді. 23 мыңнан астам педагогтың тек 0,9 % ғана немесе 224 мұғалім арнайы балалармен жұмыс істеуге дағдыланған.


Қордаланған мәселелерді бірлесе шешу мақсатында облыстық прокуратура облыстық білім басқармасымен бірге инклюзивті оқуды дамыту туралы аймақтық бағдарламаны дайындауда. Нәтижесінде түзетуді қажет ететін барлық балалардың жоқ дегенде жартысын инклюзивті біліммен қамту көзделген.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив