KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 2 м/с, СШ
478.96 533.03 5.22

Өскемен көшелеріне биыл қосымша 14 бағдаршам орнатылады

23.06.2017, 04:47 194

 Өскемен қаласына биыл 14 қосымша бағдаршам орнатылады, бұл көлік қозғалысын реттеп, жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында жасалатын шара.


Тағы бір маңызды жаңалық – Понтон көпірі арқылы Алматы трассасына шығатын жол салынады, бұл Ертіс көпіріне және Сәтпаев даңғылына түсетін жүктемені азайтады. Сонымен қатар, қаладағы бірқатар көшелер кеңейтіледі, оның ішінде көлік көп жүретін Протозанов көшесі де бар. Аймақ басшысы Өскемендегі жол қиылыстарында қосымша оңға бұрылыстың қарастырылмағанын айтып, алдағы уақытта автокөлік жүргізушілеріне сондай мүмкіндік беру керектігін баса айтты. Яғни, бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрса да, оңға бұрылатын машиналар өзгелерге кедергі келтірмей қозғалысын жалғастыра бермек.


– Жол – өмір сапасын арттырудың құралы. Осыны естен шығармаңыздар. Салада атқарылар шаруа жетерлік. Бірақ сапаға көңіл бөлу керек! Қайталап айтамын, бәрімізге қажеті – сапа, бұл іске барлық қадағалау органдары, қоғамдық ұйымдар атсалысуы тиіс, – деп түйіндеді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив