KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 5 м/с, С
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да Қазақстан бойынша бірінші рет концессиялық жоба негізінде 11 балабақша салынады

31.08.2015, 18:00 203



Өскемен қаласында Қазақстан бойынша тұңғыш рет мемлекеттік–жеке меншік әріптестік арқылы қазақстан-қытайлық «Global Construction Technologies» ЖШС жалпы құны 4 092,4 млн. теңгеге 6 балабақша құрылысын көздеуде. Соның ішінде, бірінші балабақша іргетасына уақыт капсуласы салынды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың басшылығымен балабақша құрылысымен қатар, өңірде концессиялық жоба негізінде 10-нан астам нысанның жобасы көзделген.

– Сіздерді шын жүректен алда келе жатқан мерекелер Қазақстан Республикасы Конституцияның 20 жылдығымен және білім күнімен құттықтаймын. Аймақта жас жеткіншектердің, бүлдіршіндердің жарқын болашағы үшін, бірқатар жұмыстар атқарылуда. Соның ішінде, Өскеменде мемлекеттік–жеке меншік әріптестік аясында 6 балабақша, ал Семей қаласында түркиялық компаниямен бірселе 5 балабақша құрылысы көзделінуде, – деді Жақсылық Омар уақыт капсуласын салу салтанаты барысында.

Балабақша құрылысына отандық құрылыс өнімдері қолданылмақ. Осы уақытқа дейін «EXPO-қалашық» сынды күрделі нысандардың құрылысын жүргізген «Global Construction Technologies» ЖШС басшылығы мәлімдегендей балабақша құрылысы 2016 жылы 1 шілдеге дейін аяқталып, тапсырылады.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив