KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

1 қазаннан бастап Өскемендегі кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

Бүгін, 12:30 8 Ержан Әбіш

1 қазаннан бастап Өскемендегі кезекші Халыққа қызмет көрсету орталығының мекенжайы өзгереді деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалына сілтеме жасап.

Бұрын кезекші кесте бойынша азаматтарды Қазақстан көшесі, 99/1 мекенжайындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы қабылдаған. Енді кезекші ХҚКО Сәтпаев даңғылы, 34/2 мекенжайында жұмыс істейтін болады.

Естеріңізге сала кетейік, кезекші кесте бойынша ХҚКО азаматтарды жұмыс күндері сағат 9-дан 20-ға дейін түскі үзіліссіз, сенбіде 9-дан 13-ке дейін қабылдайды.

Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы кезекшісінің мекенжайы өзгеріссіз қалады: Самар тас жолы, 23. Ол дүйсенбіден жұмаға дейін 9-дан 18-ге дейін түскі үзіліссіз, сенбіде 9-дан 13-ке дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, әдеттегі кесте бойынша ХҚКО жұмыс күндері сағат 9-дан 18-ге дейін жұмыс істейді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив