KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Жармалық үздік жеке кәсіпкерлер марапаталды

13.02.2015, 18:00 262



Шығыс Қазақстан облысындағы шағын бизнес бәсекеге қабілетті, серпінді және әртарапты экономиканы құруға зор үлес қосып келеді. Бұл үрдістен Жарма ауданыда тыс қалмақ емес.

Аталған өңірдің кәсіпкерлікті дамытуға әлеуеті жеткілікті, сондықтан өндірістік сектор субъектілері, соның ішінде ауылшаруашылық өнімдерін өңдеумен байланысты субъектілерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, артықшылықтар беріліп отыр. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі - аудан әкімінің қашанда басты назарында тұратынын 10 кәсіпорынмен болған меморондумға қол қойылған кейін, өңыр басшысы Әнуарбек Мұхтархановтың шағын бизнес өкілдерін марапаттау рәсімінде көз жеткіздік.

Қазіргі заманда бизнесті жүргізу оның әлеуметтік жауапкершілігімен біте қайнасқан, оның мәнісі салықтарды, әлеуметтік аударымдар мен басқа да міндетті тәлемдерді толық және уақтылы төлеуде, жұмыс орындарын сақтауда, еңбекшілердің құқықтарын қамтамасыз етіп, қорғауда, әлеуметтік кепілдіктер беруде, еңбекақыны уақтылы төлеуде жатыр.

Әлеуметтік жауапкершілік деп сонымен бірге, қайырымдылық та, демеушілік те, жебеушілік те, мейірімділік те түсініледі. Сондықтан Жарма ауданының басшылығы іскерлік бастамаларды қолдаудың, іскерлік ортаны дамытудың арқасында ғана кәсіпкерлерде адамдарға жәрдемдесуге деген ұмтылысты оятуға болатынын бек жақсы түсінеді. Әлеуметтік жауапты бизнес әрқашанда мемлекет тарапынан қолдау тауып, қоғам тарапынан қоштау көреді.

Қазір Жарма ауданында еңбек етіп жатқан бизнес субъектілері көмекке мұқтаждар жандарға қол ұшын беруді өз борышым деп санайды. Олар тұрақты түрде аудандағы спортшыларға көмектеседі, ауруханалар, балабақшалар, мектептерге көз қырын салып, жыл сайын ауданда қарттар күні, Жеңіс күні, Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында қайырымдылық шараларын өткізеді.. Сондай-ақ, кәсіпкерлер соғыс және еңбек ардагерлеріне, жағдайы нашар жанұялардан шыққан, балаларға сый-тарту, азық-түлік, мектеп құрал-жабдықтары мен киім беріп жүрек жылуын төгеді.

Жыл сайын аудан әкімдігі мен «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС, «Интер Гол Капитал» ЖШС, «Шалабай» ЖШС, «АС Горняк» ЖШС, «Жарма Кұрылыс Газ» ЖШС, «Қазақцемент» ЖШС, «Қамқор Локомотив» ЖШС, «Жарма Тас Жолы» ЖШС, «ПМС Шар» ЖШС және «Сарытас» ЖШС сынды белді кәсіпорындар арасында өңірді әлеуметтік қолдау туралы меморандум жасалады.

Осындай бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласында атымтай жомарт атанған 9 кәсіпкер форум соңында марапатталды. «Камшат», «Дастархан», «Витаминка» дүкендер желісі бар Марал Тұрсынғазина «2014 жылдың - үздік кәсіпкері» атанса, ауыл шаруашылығы саласында - Үшбиік ауылындағы «Мүсілім» ш/қ басшысы Құрманғазы Мусагитов; өндіруші саладағы үздік кәсіпкер - Шар қаласының наубайшысы Ерғазы Жұмағалиев; құрылыс саласында - аудандағы пластикалық терезе өндірісін жолға қойған қалбатаулық Мақсат Мұхамадиев; жұртқа қалтықсыз тұрмыстық қызмет көрсету саласында - Қалбатау ауылының көшелерін жарықтандыруға атсалысқан кәсіпкер - Ерқали Омаров; қоғамдық тамақтандыру саласында Жаңғызтөбенің «Шуақ» Кешеніндегі асхана иесі - Бақыт Тектенова; гендердік саясат аясында кәсіпкеріліктің тасын өрге домалатып жүрген Қалбатау ауылындағы «Болашақ» СҮ иесі Қымбат Айтқазина - «Үздік әйел кәсіпкер» атанса, өз кезегінде аудан әкімшілігінің ұйғарымымен: Қалбатау ауылындағы «Гульжан» сұлулық салонының иесі - Гульжан Мустафина «Үздік ең жас кәсіпкер», ал, ісмерілігмен жұртқа танылған халықтық-қолөнерді қастер тұтқан шебер Асель Ахметбекова аудан әкімі марапасынан құр алақан қалған жоқ.

Осылайша қайрымдықпен жерлестеріне жүрек жылуын төгушілер өздерінің лайықты бағасын алды.

Серік Әбілқасымұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив