KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Көкөніс сақтау қоймасы Семей өңірінде салынып жатыр

30.03.2014, 18:00 212



Семей қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өңірдің барлық өсімдік шаруашылы-ғы құрылымы алдағы науқанға қызу әзірленіп, жұмыла жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Былтыр олар 3300 гектар алқапқа картоп, 1367 гектарға көкөніс, 80,7 гектарға бақша дақылдарын өсіріп, тамшылатып суару әдісі бойынша 179,4 гектар алқапты игеріп, 55,4 мың тонна картоп және 31,3 мың тонна көкөніс жинап алды.

Семей өңірінде дайын өнімдерді ысырапсыз сақтайтын сыйымдылығы 45,6 мың тонналық 32 көкөніс сақтау қоймасы бар. «Мұздыбай-1» шаруа қожалығы сыйымдылығы алты мың тонналық көкөніс қоймасының құрылысын биыл бітіріп, іске қосуды жоспарлап отыр.

Бүгінгі күні өңірдегі екі тұқым шаруашылығы «Агрофирма Приречное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Мұздыбай-1» шаруа қожалығы репродукциялы картоп тұқымын өсірумен айналысуда.

Былтыр «Мұздыбай-1» және «Ерасқан» шаруа қожалықтары құны 106 млн. теңге тұратын ауыл шаруашылығы техникаларын лизинг арқылы алды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив