KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

«Жолда қабылдау» акциясы Шығыс Қазақстанда өтеді

6.11.2013, 18:00 137


8-қарашада Шығыс Қазақстан облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесе отырып «Өскемен-Қайсенов-Қалбатау» бағдары бойынша «Жолда қабылдау» акциясын өткізеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Делегация мүшелері 10-12 сағат аралығында Қ.Қайсенов кентінде, 15-17 сағат аралығында Қалбатау кентінде жұмыс істейді.

Акция шеңберінде мемлекет саясатын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіруге бағытталған іс-шаралар өткізіледі, сондай-ақ тұрғындарға құқықтық және консультативтік көмек көрсетілмек.

Әкімшілік полициясы басқармасының, «Нұр Отан» ХДП-ның Шығыс Қазақстан филиалы, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың басшыларының азаматтарды қабылдауы жоспарланып отыр.

Акция барысында әкімшілік полициясы қызметкерлері азаматтар арасында заңдылық пен конституциялық құқықтарды сақтау мәселелері жөнінде сауалнама жүргізеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив