KZ
Өскемен
+6°
дождь жел 1 м/с, В
485.11 523.82 5.02

Зейнеткерлер жарыстың көрігін қыздырды

20.10.2013, 18:00 189


Жылдағы дәстүр бойынша Өскеменде жеңіл атлетикадан облысымыздың тұңғыш гидроқұрылысшысы Михаил Инюшинді еске алуға арналған жарыс өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Жалпы ұзындығы 12 шақырымды қамтыған бұл жарыс қалалық су электр стансасынан басталып, Қазақстан көшесінде аяқталды. Биыл жарысқа қатысушылардың саны жылдағыдан әлдеқайда көп болды. Риддер қаласынан, Глубокое кентінен келген спортшылар да жарыс жолына шықты, – дейді спорт шебері Рақымғазы Көшербаев.

Ол жыл сайын, нақтырақ айтқанда, қырық жылдан астам уақыт бойы осы жарысқа қатысып келеді. Содан бергі аралықта оның рекордтық көрсеткішін ешкім жаңарта алмапты. Жасы алпыстан асса да жастармен бірге марафондық жарыстарда көш бастаушылар қатарында жүр. Ал ардагерлер арасындағы облыстық спартакиаданың бірнеше мәрте жеңімпазы, 73 жастағы Виктор Хабибулин осындай жарыстарға үнемі қатысып, кейде, тіпті, жастардың алдына түсіп кетеді.

Жазда Ресейдің Омбы қаласында өткен халықаралық марафонға қатысқан Юрий Егер мен үш мың метрлік қашықтықта жүгіруде ел чемпионатының жеңімпазы Әмір Байтұқанов та өздерінің спорттық бабында екенін көрсетіп жүр.

Білікті мамандар әйелдер арасындағы бәсекеде биыл Семейде өткен халықтық спорт ойындарының жеңімпазы Меруерт Келемеденова топ жарып шығатынын білдіріп жатты. Дегенмен де 15 жасар риддерлік қыз Мөлдір Сейітханова мәреге бірінші болып жетіп, көрермендердің қошеметіне бөленді. Меруерт екінші орынды місе тұтты.

Ерлер арасында Юрий Егер жарыстың басында суырылып алға шығып, екпінін тежеместен мәреге бәрінен бұрын жетті. Ардагерлермен бірге мектеп оқушылары, қаланың белсенді тұрғындары қатысқан бұл жарыс бұқаралық спорттың кең өріс алуына айтарлықтай ықпал етті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив