Алтай ауданындағы мәдени-демалыс орталығы қызметкерлерінің еңбегі еленді
Аудан әкімі Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Горняк» мәдени-демалыс орталығының үздік қызметкерлерін құттықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Әлеуметтік жұмыс әрбір адамның өміріне әсер ететін мәселелерді шешу болып табылады. Сондықтан ең маңызды және жауапты міндеттердің бірі осы сала қызметкерлерінің иығына жүктеледі – әрбір адамның көңілін табу қағидаттарына негізделген мемлекеттік қолдау және азаматтарды әлеуметтік қорғау.
Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында «Горняк» мәдени-демалыс орталығындағы осы саланың үздік қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.
Бұл мерекеде әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамытуға ерекше үлес қосқан қызметкерлерге Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев алғыс білдірді.