KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями Штиль
485.11 523.82 5.02

Абай облысында 7 медициналық пункт өз жұмысын бастады

Абай облысы әкімдігінен

Бүгін, 17:00 0 Назерке Каримова

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында облыста алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Кеше Жарма ауданының Салқынтөбе, Бородулиха ауданының Успенка, Көкпекті ауданының Үлгілі-Малшы, Биғаш, Шәріптоғай және Бесқарағай ауданының Белокаменка, Стеклянка ауылдарында медициналық пунктер салтанатты түрде ашылып, жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Барлық медициналық пунктер бір мезетте 25 адамға дейін қызмет көрсете алады.  Барлығында емшара қабылдау мен физиотерапия кабинеттері және дәріхана бар.Жаңа медициналық пункттер заманауи стандарттарға сай келеді. Қажетті кабинеттер мен алғашқы медициналық көмек көрсету қарастырылған. Пункттер су, жылу желілері, электрмен жабдықталып, пандустар орнатылған.

- Енді ауылымызда өзіміздің медициналық пунктіміз бар. Бұрын дәрігерге қаралу үшін аудан орталығына баратынбыз. Енді жолға шығудың қажеті жоқ. Бұл мемлекеттің қамқорлығы деп білеміз, - дейді Биғаш ауылының тұрғыны Қадыр Әлімбаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив