KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелдің өмірін сақтап қалды

t.me/DenMinPR

Бүгін, 18:00 0 Назерке Каримова

Шымкентте тұратын жүкті әйел шұғыл түрде №2 қалалық аурухананың перзентханасына жеткізілді.

Ол ауруханаға қатты қан кетумен, 3-ші дәрежелі геморрагиялық шок жағдайында келіп түскен, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратына сүйеніп.

- Операциялық үстелде оның жүрегі тоқтап қалды, бірақ құрамында анестезиологтар, акушер-гинекологтар, операциялық мейіргерлер, трансфузиологтар бар дәрігерлер тобы жүрек-өкпе реанимациясын сәтті жүргізді. Негізгі өмірлік функцияларын қалпына келтіргеннен кейін қан кетуді тоқтату операциясы жүргізілді және дәрігерлер бригадасының үйлесімді және жоғары білікті іс-қимылдарының арқасында  пациенттің өмірін сақтап қалды. Бүгінгі таңда босанған әйел мен сәбидің жағдайы қанағаттанарлық және оларды үйге шығаруға дайындауда, - деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив