KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Шекарадан мыңға жуық киік мүйізін заңсыз шығармақ болған

ҰҚК баспасөз қызметі

26.10.2024, 16:00 110 Назерке Каримова

Бұл қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген шығын 2 млрд теңгеден асады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- 17 қазанында «Хоргос» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаменті ҰҚК және полицияның өңірлік бөлімшелерімен бірлесіп елден 991 дана киік мүйізін әкету әрекетінің алдын алды, - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.


Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметінше, қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген шығын 2 млрд теңгеден асады.

Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу