Риддерде психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылғанына 20 жыл
Риддер қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің 20 жылдығы аясында «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті жағдайында ойын технологияларын қолдану арқылы түзете-дамыту процесінің сапасын жоғарлату» семинар-практикумы өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Семинарға Риддер қаласы білім беру ұйымдарының 30 педагогі, оның ішінде қалалық білім бөлімінің әдіскерлері, арнайы балабақша мамандары қатысты. Мерейтойға орай Риддер қаласындағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Қатысушылар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды түзеуге және дамытуға бағытталған білім беру үдерісіндегі ойын технологияларының маңыздылығын талқылады.