Шығыста өнер көрсеткен "Отырар сазы" оркестрі аншлаг жинады
Өскеменде аңызға айналған Нұрғиса Тілендиев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық "Отырар сазы" халық аспаптары оркестрінің кеші аншлагпен өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Республика күніне орай қасиетті Шығыс өңіріне Алатаудың бөктерінен әсем қала Алматының сәлемін ала келген "Отырар сазы" оркестрі ерекше қошеметке бөленді.
"Отырар сазы" оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі — оның негізін қалаушы, композитор Нұрғиса Тілендиевтің қызы Дінзухра Тілендиева түрлі аспаптарды үйлестіре ойнату арқылы көрермендерге әуезді күймен қазақтың нағыз болмысын танытқандай әсер қалдырды.
Ақерке Рағызбаева