ШҚО ТЖД пеш жағатын 57 мыңнан астам үйді тексеріп шықты
ШҚО ТЖД
Қыста өрт қаупінің алдын алу жұмыстары кезінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер және мүмкіндігі шектеулі адамдар тұратын үйлерге ерекше назар аударады.
Айта кету керек, көпбалалы және қарт азаматтардың үйлерінде көміртегі тотығы датчиктері орнатылған. Соңғы жылдары уақтылы іске қосылған құрылғылардың арқасында 42 адам құтқарылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.
- Үйлерде аралау кезінде 16 мыңнан астам өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы анықталды. Оның 7145 - пешпен жылытуға байланысты, 6311 - электр желілері мен электр жабдықтарын пайдалануға байланысты, 2987-басқа да бұзушылықтар. ШҚО ТЖД ұсынымдарының арқасында тұрғындар 13090 бұзушылықты сол жерде жойды, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз