KZ
Өскемен
-1°
плотный туман Штиль
480.61 534.53 5.28

Жыл басынан бері 35 жаяу жүргінші жолда мерт болды

1.10.2013, 18:00 255


Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің қатысуымен 446 жол-көлік апаты тіркелді. Жол оқиғасында 35 жаяу жүргінші бақилық болса, тағы 447 адам әртүрлі жарақат алған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жол сақшыларының талдауы бойынша, 145 жол-көлік апаты жүргізушілердің жаяу жүргіншілер жүретін жерде жол ережелерін сақтамауынан орын алыпты. Соның салдарынан 5 адам қайтыс болды, 153 жаяу жүргінші зардап шекті. 94 жол-көлік апаты жаяу жүргіншілердің кінәсінен болғаны анықталды.

Облыстық жол полициясы басқармасы жүргізушілерден жаяу жүргіншілер жүретін жерде әсіресе қария адамдар мен балаларды байқаған сәтте өте абай болуды сұрайды. Өйткені балалардың іс-әрекеттерін болжау мүмкін емес.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив