KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

Тағы бір жаяу жүргінші көлік доңғалақтарының астында көз жұмды

17.10.2013, 18:00 144


Тағы бір жаяу жүргінші көлік доңғалақтарының астында көз жұмды. Бұл жолы адам өмірін әкеткен жол апаты Семей қаласында тіркелді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жол сақшыларының мәліметтері бойынша, Хуанлинг көлігінің 40 жастағы жүргізушісі Титов көшесінің бойында 40 жастағы жүргіншіні қағып кеткен. Зардап шегуші оқиға орнында көз жұмды. Осы оқиғаға қатысты қылмысты іс қозғалды. Жүргізушіден ешқайда кетпейтіні жайында қолхат алынды.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда 36 адамның өмірі көлік доңғалақтарының астында қиылған. Осы бақытсыз жағдайлардың сегізінде жол апаты жаяу жүргіншілердің кінәсінен орын алды. Қалған жағдайларда жүргізушінің кінәсінен адамдар мерт болған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив