KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
480.61 534.53 5.28

Туризм саласын дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетілді

29.09.2013, 18:00 252


Шығыс Қазақстанда туризм саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азаматқа Халықаралық туризм мерекесіне орай құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының директоры Николай Зайцевке, «Әйгерім» демалыс үйінің директоры Исағали Омарәлиновке, «Климовка» демалыс базасының директоры Владимир Климовқа, Катонқарағай бұғы паркінің директоры Нұрлан Тоқтаровқа «Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін» медалі тапсырылды.

Ал «Орел» тау шаңғысы кешенінің директоры Бақытжан Иманбаев пен Сыртқы істер министрлігінің Өскемен қаласындағы консулы Совет Иманғалиев «Туризм саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив