ШҚО-да медицина қызметкерлері марапатталды
Астана күніне орай Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген облыстың медициналық қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Медицина қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларын облыс әкімінің бірінші орынбасары Алмазхан Сматлаев табыстап, әр дәрігердің ерлігін жеке-жеке атап өтті.
1. Думанбек Дауылбеков - Семей қалалық инфекциялық ауруханасының бас санитар дәрігері. «Парасат» ордені.
2. Гүлжан Жақыпова - Семей қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасының инфекционист дәрігері. "Құрмет" ордені.
3. Төлеуғайша Жүнісбаева - Үржар аудандық аурухананың жоғары санатты мейірбикесі. «Ерен еңбегі үшін» медалі.
4. Татьяна Висмер - ТКҚСҚБД жетекші маманы. «Ерен еңбегі үшін» медалі.
5. Нина Куризова - ШҚО ана мен бала орталығының дәрігері. «Ерен еңбегі үшін» медалі.
6. Гүлмира Мырзағараева - Риддер қалалық ТКҚСҚБ басқармасының басшысы. Құрмет грамотасы.
7. Ольга Муратова - жедел жәрдем бригадасының фельдшері. «Шапағат» медалі.
8. Дарын Әубәкіров - Ұлттық экспертиза орталығының облыстық филиал лаборанты. Құрмет грамотасы.⠀
9. Анастасия Сабаева - Өскемендегі №4 қалалық аурухананың мейіргері. Құрмет грамотасы.⠀
10. Надежда Фрик - Семей қалалық жедел медициналық көмек көрсету стансасының фельдшері. «Шапағат» медалі.⠀
11. Иван Нечаев- ШҚО мамандандырылған медициналық орталығының екінші деңгейлі анестезиолог-реаниматолог дәрігері. Құрмет грамотасы.
12. Нина Фомичева - ШҚО мамандандырылған медициналық орталығындағы инфекциялық бөлімшенің меңгерушісі. «Құрмет» ордені.
13. Айгүл Тұрғанбаева - Тарбағатай аудандық ауруханасының инфекционист дәрігері. «Ерен еңбегі үшін» медалі.
14. Мадина Сағатова - Ұлттық экспертиза орталығының облыстық филиал зертханасының меңгерушісі. «Ерен еңбегі үшін» медалі.⠀
15. Хамит Елубаев - ШҚО бойынша ТКҚСҚБД бөлім басшысы. "Ерен еңбегі үшін" медалі.⠀