KZ
Өскемен
-1°
плотный туман жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Жол полициясы қандай құжаттарды талап ете алады?

25.08.2013, 18:00 156


– Жол полициясының қызметкерлері қандай құжаттарды тексере алады? Сонымен бірге, учаскелік полиция қызметкерлерінің автокөліктерді тоқтатып, тексеруіне рұқсаты бар ма? Осы сауалдарға жауап алғым келеді.

Рауан Қайырбеков,
Ұлан ауданы.

Сауалға облыстық ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасы баспасөз қызметінің маманы А.Атудинова жауап береді:
– Жол қозғалысы ережесінің 2.1.-тармағына сәйкес механикалық көлік құралының жүргізушісі мыналарды өзімен бірге алып жүруге және ішкі істер органдарының (полиция), оған уәкілетті лауазымды адамдардың талап етуі бойынша оларға тексеруге
беруге міндетті:

1. Көлік құралын жүргізу құқығына жүргізушінің куәлігі (жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлік және жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжат);
2. Жүргізуші талоны;
3. Көлік құралдарының құжаттары (көлік құралының иесі болмағанда басқарған жағдайда – осы көлік құралына иелік етуді, пайдалануды, немесе билік ету құқығын растайтын құжат);
4. Мемлекеттік техникалық байқаудан өткендігі туралы құжат;
5. Заңнамада белгіленген жағдайларда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі және жолаушылардың алдында тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 543-бабына сәйкес учаскелік полиция инспекторларына жол қозғалысы саласында әкімшілік істерді қозғауға, әкімшілік хаттамаларды толтыруға, істерді қарауға және бірқатар әкімшілік істер бойынша процессуалдық шешім қабылдауға өкілдік берілген.

Көрсетілген талаптарға сәйкес учаскелік инспекторлар тоқтау ережесін, тұрғын аймағындағы қозғалысты, жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзғаны үшін, қауіпсіздік белбеуін пайдаланбау, көлік құралын тиісті құжаттарсыз басқару және жаяу жүргіншілердің ережені бұзу фактілері бойынша әкімшілік ықпал ету шараларын қолдана алады.

Дәурен Аллабергенұлы

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив