KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Жол полициясы қандай құжаттарды тексере алады?

28.05.2013, 18:00 209


– Жол полициясының қызметкерлері көлік иелерін тоқтатқанда қандай құжаттарды көруге, тексеруге құқылы. Осы туралы толығырақ ақпараттар жазсаңыздар?

Р. Хамитов
Риддер қаласы.

Сауалға облыстық ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының бастығы Петр Никифоров жауап береді:

– Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінің талаптарына сәйкес жүргізушілер мына құжаттарды өзімен бірге алып жүруге және ішкі істер органдарының (полиция) уәкілетті лауазымды адамдарының талап етуі бойынша оларға тексеруге беруге міндетті:
1. Көлік құралын жүргізу құқығына жүргізушінің куәлігі (жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлік және жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжат);
2. Жүргізуші куәлігінің талоны;
3. Көлік құралдарына тіркеу құжаттары;
4. Көлік құра-лының иесі болмай, басқарған жағдайда – осы көлік құралына иелік етуді немесе пайдалануды, немесе билік ету құқығын растайтын құжат;
5. Мемлекеттік техникалық байқау-дан өткендігі туралы құжат;
6.Заңнамада белгіленген жағдайлар-да көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі немесе жолаушылардың алдында тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі.

Дәурен Аллабергенұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив