KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Облыста үздік шыққан студент енді Астанада бағын сынайды

22.08.2013, 18:00 216


«Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз!» атты мүмкіндігі шектеулі студент жастар арасындағы байқау жалғасуда, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Өскемендегі қызмет көрсету саласы колледжінде техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттері арасында облыстық байқау өтті. Аталмыш шараның ұйымдастырушылары – облыстық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру және білім басқармасы екендігін естеріңізге сала кетейік. Байқаудың негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі студенттер арасынан талантты да талапты жастарды тауып, олардың идеяларымен бөлісу.

Байқау барысында «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік спортшы», «Жеңіске деген жігер», «Ақылдылар», «Үздік студент», «Алтын қалам», «Үздік биші», «Үздік орындаушы» сияқты көптеген арнайы аталымдардың жеңімпаздары анықталды.

Байқаудың алғашқы аймақтық іріктеу кезеңі ағымдағы жылдың маусым, шілде айларында өткен болатын. Алғашқы кезең байқауында топқа түскен үміткерлер арасынан ең мықты дегендер таңдалынып алынды. Байқаудың екінші кезеңіне, яғни, облыстық байқауға екі үміткер өтті, олар: Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінің студенті, I топтағы мүгедек Анастасья Рыльская мен Семей электротехникалық колледжінің студенті Мәлика Жұмабекова. Екі үміткер де алғашқы кезеңнің «Үздік студент» аталымын жеңіп алған болатын. Олар облыстық байқауға үлкен дайындықпен келіпті. Бәсекелестер бір-біріне дес берген жоқ. Өз жобаларын таныстыру, қол жеткізген жетістіктерінің артықшылықтарын түсіндіруде екі студенттің де бұл байқауға үлкен жауапкершілікпен келгендері көрініп тұрды.

Қазылар алқасына екі үміткердің мықтысын анықтау оңайға түскен жоқ. Дегенмен, сайыс қорытындысында өскемендік Анастасья Рыльскаяның бағы жанды. Жеңімпаз студент қыркүйек айында Астана қаласында өтетін байқаудың соңғы кезеңіне қатысатын болды.

Дарын Нұрсапаров

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив