KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
480.61 534.53 5.28

Курчатовта жылу маусымына дайындық мәселелері талқыланды

20.08.2013, 18:00 143


Курчатов қаласында 2013-2014 жылғы жылу маусымына дайындық бойынша штабтың отырысы өтті. Оған ШҚ облысы әкімінің орынбасары Ерлан Текешов пен облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айтқазы Шерубаев қатысты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Отырыс басталмастан бұрын облыс әкімінің орынбасары және басқарма басшысы жылу және сумен қамтамасыз ету нысандарын, әлеуметтік мекемелерді (мектептер, бала бақшалары) аралап, барлық нысандардың қысқа дайындығымен танысып қайтты.

Штаб отырысында Курчатов қаласының әкімі Димитрий Гариков қала қазандықтарының құрал-жабдықтарын ауыстыру, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің жылу маусымына дайындығы, тұрғын үй қоры жайында есеп берді. Сонымен қатар коммуналдық қызмет үшін борышы барлармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.

Ерлан Текешов тұрғындар мен қала кәсіпорындарының коммуналдық қызмет төлемін мерзімінде өтеуіне бақылауды күшейтуді тапсырды.

«Коммуналдық қызмет, пайдаланылған электр энергиясы, телефон үшін төлемдерді бір ортақ төлем түбіршегіне біріктіру туралы ұсыныс айтылды. Сонда қызметтің бір түрі үшін қарыз тұтынушыны электр энергиясынан ажыратуға мүмкін болар еді. Бұл тәсіл тұрғындардың коммуналдық төлемдерді уақытында төлеп тұруына ықпал етері сөзсіз», дейді қалалық ішкі саясат бөлімінің мамандары.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив